ЖаңалықтарТеміртау

Құрыш қалада Достық үйі ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Теміртауда Достық үйі ашылды. Облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысып, қоғам белсенділерін қоныстойымен құттықтады.

Бұған дейін ғимарат бос тұрған. Кезінде кәсіптік-техникалық училище болыпты. Ғимараттың іші, сырты қайта қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өткен. Бұдан былай Достық үйінде этномәдени бірлестіктер, ҮЕҰ, жастар және еріктілер ұйымдары орналасады. 57 кабинет ашылып, заманға сай құрылғылармен жабдықталған. Түрлі ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп, жетілдіре алатын тіл клубы жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында медиация кабинеттерін ашу жоспарлануда.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button