АймақШет

Құрылысшыларға құрмет

Шет ауданы Мойынты станциясында Қарағанды торабының теміржолшылары ардагерлермен бірлесіп, «Мойынты-Шу» теміржол учаскесінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл толуына орай салтанатты түрде мемориалдық тақта орнатылды.

«Мойынты-Шу» теміржол желісінің құрылысы бір мезгілде екі жағынан басталды: Қарағанды теміржолының Мойынты станциясынан және «Түркістан-Сібір» теміржолының Шу станциясынан. Ол 1953 жылы аяқталды. «Мойынты-Шу» болат магистралі елдің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырды, республика экономикасын нығайтуда маңыз­ды рөл атқарды. Жол бойында бірнеше станция, депо салынды. Вокзалдармен, жолаушылар платформаларымен қатар тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар салынды. «Мойынты-Шу» тармағының құрылысы халықтық деп жарияланды. Оған республиканың 12 облысынан екі мың адам қатысты.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button