Жаңалықтар

Рыбакина мен Путинцева Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен шеберлік байқасып 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. 
Қазақстанның екінші, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің бастапқы кездесуін әлемнің 28-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізді. Бірінші партияда брейк жасаған Путинцева сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Есесіне екінші сетте бірде-бір гейм алған жоқ – 0:6. Дегенмен шешуші, үшінші партияда сәтті ойнай білді – 6:2.

Юлия екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button