Жаңалықтар

Рухани портал – таным көкжиегі

     Азаматтық біртектілікті нығайтудағы «Менің елім» ұлттық жобасы аясында технологиялық тың жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұл орайда «Қазақстан энциклопедиясы» арқылы кең көлемді ғаламтор жобасын құрып, әрбір азаматқа және шетелдік туристке Қазақстанды кеңінен таныту көзделген.

Осы мақсатта Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы «Менің елім» ұлттық жобасын негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығында жиын өтті. Қатысушылар порталда Қазақстан бойынша 3D бейне турларының, елдің тарихы мен мәдениеті, қызықты оқиғалары және қарапайым қазақстандықтардың өмірі туралы ақпараттар болатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, порталдың елдің «сапарнама карточкасына», ұлттық жол көрсетушісіне, қызықты азаматтар үшін ұлттық құрмет тақтасына және виртуалды хабарласу тұғырнамасына айналу қажеттігі баса айтылды. Бейнекөрсетілім арқылы қатысушыларға Марат Түсіповтың «Ғұмыржазба өткенге саяхат», «Ғасыр ғұмырлы Ақбауыр», Адамжан Мұсабековтың «Өмір өзен», «Арнадым саған…» кітаптарындағы мыңнан астам қарапайым адамдар жөніндегі деректер көрсетілді.

Осы бағытта облыс төңірегінде авторлардың кітаптарын жинақтап, оның ішінде жекелеген қарапайым адамдар жөнінде жазылған туындылардың басын қосып, интернет портал құру мақсаты талқыланды. Мыңдаған қарағандылықтар туралы, олардың өмірбаяны, әлеуметтік ортасы, қыр-сыры, саяси тұрғыдағы қарым-қатынасы, еңбек жолы, рухани жетістіктері, өмірге деген жаңа көзқарастарын оқырманға ұсыну көзделді.

Серік МҰСТАФИН, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығының аға оқытушысы:

Портал арқылы шетелдіктер біздің салт-дәстүрімізбен қатар, жер байлығымызды, мәдени, тарихи оқиғаларды біліп, тұрақты өмірімізден нақты ақпарат алады. Сонда оларға біздің саяси-әлеуметтік ортамызды білуге қолжетімділік артады. Бұл ретте,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудағы нәтижелі кезеңі басталған болатын. Жобаны әзірлеуде мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін жаңа құқықтық орта қалыптастыратын алпысқа тарта заң дайындалып, күшіне енді.

Жиынға қатысушылар заманауи ұрпаққа «Туған жер» ұғымын тек экономикалық түсінік емес, рухани түсінік ретінде – діліміз, халқымыз деп түсіндіру қажет», – дейді. Оған бүгінгі мемлекеттік қызметшінің ой-өрісі, іс-қимылы, қажетті құзіреттік талаптарға сай болуы тиіс. Осы мақсатта орталықта «Біртектілік пен бірлік» атты 87-қадам төңірегінде үлкен іс-шара өтіп тұрады екен. Жылына өңірдегі үш мыңға жуық жергілікті атқарушы орган мамандары саяси-танымдық дәріс алады.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button