Жаңалықтар

Өртенген үйдің шатыры жөндеуден өтеді

Жақында өрттің салдарынан жанып кеткен екі үйдің шатыры толық жөндеуден өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев хабарлады. Қазіргі таңда барлық қажетті құжаттар рәсімделіп, бюджеттен қаржы да бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуірде Бұқар жырау, 58а мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балкон өртеніп, өрт шатырға жайылған болатын. Ал, 21 мамырда Ә.Бөкейхан ауданыны, 11 орамдағы №10 үйдегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шығып, 900 шаршы метр аумаққа шарпыған.

Жақын арада мердігерді анықтау үшін тендер жарияланады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button