Руханият

Өршіл рух

Осы мақаланы Сарыарқа тұрғындары – патриоттық сезімі бар барлық азаматтар жақсы қабылдады. Оның да бір тарихи негізі бар, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Сарыарқа жерінде ұлттық рухты оятқан атақты Қарқаралы петициясы жазылған еді. Сол үндеудің негізінде Міржақып Дулатовтың азаттықтың манифесі болып саналған «Оян, қазақ» жарық көрді. Алаш зиялыларының осы тарихи істері Ұлы Дала елінің рухын оятып, қазақ халқы өзіне «Қазақ, қайда барасың?» деген сұрақты қоя біліп, азаттық жолындағы күресті бастаған. Тура сол сияқты ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасырдың басында қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін жариялап, оны Ата Заңмен бекітіп, әлемдік өркениетке бет бұрды.

«Рухани жаңғыру» ұстанымы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңдары мен құжаттарынан бастау алады. Соның алғашқысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы 1991 жылғы 16 желтоқсан Конституциялық Заңы. Бұл – Алаш жұртының арманы болған азаттық таңы атқан жыл. Заң Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры болып, ұлттың рухын оятты.

Келесі бір халқымыздың санасына үлкен ықпал еткен оқиға – Қазақстан Республикасының 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болуы. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді. Осы тарихи оқиға ордалы жерде орын алған Отанымыз үшін қазақ халқының мақтанышын туғызып, қоғамдық санамызда өз еліне деген патриоттық сезімді оятқаны анық еді. Ордалы жерде орнымызды, олжалы жерде олжамызды, үлесті жерде үлесімізді алуымыз, біздің рухымыздың, санамыздың өзгеруіне үлкен ықпал етті.

Ғасырлар тоғысында аймақтағы геосаяси жағдайды ескере отырып, халықаралық талаптарға сай 1992-2005 жылдар аралығында көршілес елдермен мемлекеттік шекара бекітілді. Бұл – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктерінің бірі. Осы тарихи шешім отаршылдықтан құтылып, өз елім, жерім бар деген рухты жігерлендірді.

Алаштың азаматтары Әлімхан Ермековтің Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ жерінің шекарасын айқындаудағы рөлі мен Жұмабек Тәшеновтің кеңестік дәуірдегі тоталитарлық биліктің күшейген кезіндегі Қазақстанның бірнеше облыстарын сақтап қалудағы ерен еңбектерін бүгін ғана білгеніміз рухымызды жігерлендірді. Соның нақты мысалы, Қарағанды қаласының №103 Жаңғыру дегеніміз – түлеу, яғни, сананы жаңарту, заманға бейімделу деген сөз. Ал, модернизация – жаңару, бұрыннан барды заманға лайықтап жаңарту. Бүгінде әлемде экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер жүріп жатқан жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан жағдайда сана-сезіміміз бен дүниетанымымызды жаһандану жағдайында біз де өзгертуіміз қажет. Соны терең түсінген Елбасы Н.Назарбаев осыдан үш жыл бұрын 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық маңызы бар мақаласын жариялады. Бұл мақала бүгінде тәуелсіз мемлекеттің «Мәңгілік ел» идеологиясын іске асырудың нақты жолдары болып саналады. мектеп-лицейінде Ә.Ермековке арналған мұражайдың ашылуы. 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдар қабылданып, елдіктің рәміздері халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, армантілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Бабалардың ғасырлар бойғы арманы «Менің Қазақстаным» деген құдіретті әуен елімізді ұлы болашаққа жетелейді. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің ұлтжанды азаматтары қалыптасады. Маусымның 4-і Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгі қалады.

1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Алматыда Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайының өтуі «мың өліп, мың тірілген» қазақтардың рухын, ұлттық санасын кереметтей биік шыңға көтерді. Сан ғасырға созылған отаршылдықтың бұғауынан босап, таяуда ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім ішінде бүкіл әлем түгел мойындап, абыройы асып үлгерген Қазақстан халқы туған жерге келген қандас бауырларын құшақ жая қарсы алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жеңісінің бірі болған осы тарихи оқиға отаршылдықтан жаңа ғана құтылған қазақ халқының рухани санасында үлкен серпіліс тудырды. Қарағанды облысында «Достық» үйінде Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалы ашылды. Оған басшы болып, жерлесіміз, Моңғолиядан келген қазақтың төл өнерін насихаттаушы, дәстүрлі әнші Меруеш Башайқызы тағайындалды. Ұйымның негізгі мақсаты – қазақтың ұмытылып кеткен, озық салт-дәстүрін көрсету, елге оралған қандас бауырларымыздың арасындағы ғалымдардың, ақындардың еңбектерін бастырып шығару және салтдәстүрді насихаттау арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда өз үлестерін қосып келеді.

Рухани сананы жаңғыртуда ерекше орын алған 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заңның қабылдануы еді. 1937-38 жылдары қазақтың репрессияға ұшыраған көрнекті қайраткерлері, Алаш зиялылары ақталып, бүгінгі таңда Сарыарқаның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелерге, оқу орындарына олардың есімдері беріліп, мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.

Қазақ халқының объективті түрде тарихын зерделеуге мүмкіндік берген ел бірлігін сақтауға арналған 1995 жылғы қабылданған «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасының» орындалу барысында қазақ халқының тарихындағы жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесін сараптап, қазіргі адамның өмірлік және азаматтық ұстанымына қажетті принциптері айқындалды. Осы құжат «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы әдістеменің бірі ретінде идеологиялық жұмыстардың күнделікті қолданысында пайдаланып келеді. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы кеңесші орган ретінде құрылды. Бүгінде Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында 80 этномәдени бірлестік бар. Қарағанды қаласында «Достық» үйінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолында «Қазақтану», «Ұлы Дала елі», «Елтану», «Күлтегін жыры», «Мың бала», «Бұқарекең жырлайды», «Даланың дара данасы» сынды бірегей жобалар негізінде танымдық-тәрбиелік маңызы бар, ел бірлігін сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Асссамблеясының ұсынысымен Елордамыздың 20 жылдығына «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументалдық ескерткіш сыйға тартылды. Осындай қоғамдық ұйымның игі істерін насихаттай отырып, қоғамдық сананы жаңарту жұмыстары Арқа жерінде үнемі жүргізіліп келеді.

Рухани сананың өсуіне ықпал еткен ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 жарлығына сәйкес 31 мамыр елімізде жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жариялануы. Осыған орай Қарағанды облысында «Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы» және Спаскідегі ашық аспан астындағы мұражайдың ашылуы және оған жыл сайын жас ұрпақтың 31 мамыр күні тағзым етуі өткен тарихқа құрметпен қарауды үйретіп, рухты жаңғыртуға мүмкіндік береді.

2001 жылы Елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратына ұрпақ санасына бабалар ерлігін, тәуелсіздік үшін күрестегі ұстанымын көрсететін қазақ руханияты мен мәдениетінде айрықша орны бар Күлтегін ескерткішінің көшірмесі қойылды. Қарағанда қаласындағы «Достық» үйінде жыл сайын жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Күлтегін оқулары» атты республикалық конференция өткізіліп келеді.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бастауы 2004 жылғы «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары: тарих және археология ескерткіштерін жүйелеу, сақтау және қалпына келтіру. Осы орайда, 73 ескерткіш қалпына келтірілді. 40 археологиялық, 26 ғылыми зерттеу жүргізілді; Қытайдан, Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Ресей, Жапония сияқты елдердегі барлық мұрағат пен ғылыми мекемелерден алынған 31735 құжат қазақ тарихының ХVІ-ХХ ғасырлар аралығын қамтиды.

Ұлттық әдебиеттің бай мұрасын өңдеп «Бабалар сөзі» (Слово предков) жүз томдық еңбек шығарылуда. «Сарыарқа кітапханасы» басылымының 100 томдығы шықты (Қарағанды); Әл-Фараби шығармаларының 15 томдығы жарық көрді; 5 томдық музыкалық антология әзірленді. Сарыарқа жерінде археологиялық зерттеулер және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары осы бағдарламаға сәйкес қарқынды жүріп жатыр.

2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ұстанымы болып келеді. Атап айтқанда, «Біз қайда барамыз?» және «2050 жылы қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекетіміздің осы стратегиялық мақсаты 2013 жылы қабылданған «Халық тарих толқынында» бағдарламасында өз жалғасын тапты. Осы бағдарламаға сәйкес ұлттық тарихтағы тұлғалардың рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу үшін арнайы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Тұлғатану» ғылыми зерттеу институты құрылды.

Бағдарламаның мақсаты – ұлттың тарихи дүниетанымын ұлттық тарихымыз арқылы кемелдендіру, әрі әлемдік тарихтағы сан ғасырлық қазақ тарихының көкжиегін кеңейту. Халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді талдай алатын дәрежеге жеткізу, жеке адамның біліктілік бәсекесіне төтеп беретін өзіндік даму зердесін қалыптастыру. Бүгінгі жаһандану жағдайында жас ұрпаққа Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихының қадірін бағалауды білу үшін өткен тарихты оқытып, оның озық тұстарының сабақтастығын анықтау басты міндеттердің бірі.

2014 жылы 17 қаңтарда Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір болашақ» атты Жолдауында баба-лардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істе және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастыққа ерекше көңіл бөліп, біздің бір ғана Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан елімізді «Мәңгілік Ел» ету жолын көрсету. Осыны түсіну үшін біз ұлттың тарихи санасын жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруымыз керек, жалпыұлттық құндылықтардың мәнін түсіндіруде қазақ интеллигенциясы негізгі рөл атқаруға тиіс.

Қазақ ұлтын биік мақсаттар мен армандарға жетелейтін идеялық бағыты мемлекет пен ұлттың темірқазығы – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы. «Мәңгілік ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Бүгінгі күнде рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге, жаңашылдықтарға дайындықты қажет етеді. Өйткені, біз тез зымырап бара жатқан заманда өмір сүрудеміз. Америкалық экономист Джон Коттер ХХ ғасырдың 1990 жылдары өзінің «Өзгерістердің алдында» атты кітабында бәсекелестерден ілгері болу үшін міндетті түрде өзгерістерді алдынала біліп, оны басқара білу қажеттілігін жазды. Бұл пікір біздің еліміз үшін де маңызды. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мемлекетіміздің жаһандану жағдайында дамуының стратегиялық бағыты деп түсіну керек.

Қорыта айтқанда, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор тарихи құжат болып табылады. Бұл бағдарлама еліміздің жаңаша дамуына, тың серпін әкеледі.

Нұрсахан БЕЙСЕНБЕКОВА,

тарих ғылымдарының кандидаты.

«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

Басқа материалдар

Back to top button