Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз.
Бір жылдан кейін немесе он жылдан кейін өңіріміздің келбеті қандай болатыны сәулетшілер мен жобалаушылардың және құрылысшылардың жұмысына байланысты болады.
Құрылысшылардың адал еңбегі мен шеберлігі әрқашан халықтың арасында лайықты құрметке ие болып келеді. Сіздер ерен еңбектеріңізбен тұрғын үйлер мен өндірістік нысандарды, мектептер мен ауруханаларды, көпірлер мен тас жолдарды салып, қалаларымыз бен ауылдарымыздың сәулеттік келбетін көз алдымызда жасап жүрсіздер.
Қала құрылысы мен тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламалары құрылысшылардың өмірін қиын да қызықты етті. Бүгінгі таңда ең алдымен еңбек өнімділігі мен пайдалануға берілген нысандардың сапасын арттыру қажет. Өңірімізде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінуде. Коммерциялық тұрғын үй құрылысы да, әлеуметтік құрылыс та жедел қарқынмен жүріп жатыр.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке және ең батыл жаңа жобалар мен жоспарлардың жүзеге асуын тілейміз.
Құрылысшылар күні құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нүркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы