Бас тақырып

Құрметті медицина қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді медицина қызметкері күнімен шын жү­ректен құттықтаймыз! Бұл күні біз күндіз-түні ха­лықтың денсаулығына қамқорлық жасап, өмі­рімізді сақтап жүрген ақ халатты абзал жандарға ризашылығымызды білді­реміз. Сіздердің жанқияр­лық еңбектеріңіз бен ма­ман­дықтарыңызға адалдықтарыңыз – бәрімізге үлгі.

Сурет advantour.com

Сіздер өз қызметте­ріңізді атқара жүріп, күн сайын адам жанын ажалдан арашалап, ел игілігі жолында еңбек етесіздер. Жалынды күш-жігерлеріңіздің арқасында көптеген азамат толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады.

Бүгінде облысымызда денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде, жаңа ауруханалар салынуда. Ауылдық жерлерде дәрігерлердің жұ­мыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасалып, тұрғын үй мен көтерме төлемдерді беру қарастырылған. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.

Медицина қызметкерлері күні – жалпыхалықтық мереке. Осы орайда барлық дәрігерлерге, медбикелер мен фельдшер, санитарларға зор денсаулық, отбасыларына бақыт, шаңырақтарына бақ-береке тілейміз!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,

Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button