Жаңалықтар

Ұрланған ұялы телефон арқылы зейнетақыны алып жүрген қылмыскер ұсталды

Облыста ұрланған телефонның мобильді қосымшасы арқылы жәбірленушінің жинаған зейнетақысын алып жүрген қылмыскер құрықталды.

Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдың 63 жастағы зейнеткері арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне абайсызда телефонын жоғалтып алғанын, кейін сол телефонның мобильдік қосымшасы арқылы белгісіз біреу соңғы төрт айда жинаған 660 мың теңгесін шешіп алғанын айтты. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында жәбірленуші телефонды жоғалтпағаны, керісінше күдікті оны ұрлап алғаны белгілі болды. Кейін күдікті ұрланған телефонның мобильдік қосымшасы арқылы барлық ақшаны шешіп алған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button