Жаңалықтар

Әріптестеріміз құрмет төрінде

Сайлау науқанында көптің алдында жүріп, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар таратқан журналистердің еңбегін айтпасқа болмас. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов өңірдегі біршама журналиске Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын табыстады. Бұл қатарда әріптестеріміз де бар.

Ел Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлестері үшін әріптестеріміз, «Индустральная Караганда» газетінің тілшісі Фархат Кинжитаев пен «Life 09» ақпараттық порталының жетекшісі Аяжан Кеңесбек марапатталды. Әріптестерімізге зор денсаулық, бақ-береке тілей келе, еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button