ЖаңалықтарРесми

Әріптесіміз елордадан жүлдемен оралды

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқауда әріптесіміз, «Saryarqa Aqparat» медиахолдингі директорының кеңесшісі Айсұлтан Жақып жүлделі І орынмен марапатталды.

Сурет: Айсұлтан Жақыптың Facebook парақшасынан

«Шаңырақ» – әр түрлі этностардың мәдениетін насихаттауға және қоғам бірлігін арттыруға бағытталған байқау. Осы мақсатта әріптесіміз «Кейіпкер», «Бес сөз» жобаларын ұсынған болатын.

– Әуелде «Кейіпкер», кейінірек «Бессөз» жобасын қолға алып, қазақ тілінде контент түсірдім. Әрине, бұл дүниелерді арнайы «жүлде үшін», немесе «марапат үшін» деп түсіргенім жоқ. Осы байқауға былтыр да қатысқан едім. Ол кезде ынталандыру сыйлығы бұйырды. Жұмыстарымды бағалап, марапат беру, әрине, адамды қанаттандратыны рас. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді Айсұлтан Мұхемедияұлы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button