Жаңалықтар

Ринат Зайытов: «Одақты тұрақты ғимарат және мемлекеттен қаржыландыруды сұраймын»

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа сауал жолдап, айтыскерлер одағын тұрақты ғимаратпен қамтамасыз етуді және мемлекеттен қаржыландыруды ұсынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 2012 жылы құрылған «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінде 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы-термешілер бар.

– Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық және аудандық айтыс өткізілді. 5 рет республикалық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылды. Алайда, одақтың тұрақты ғимараты жоқ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да белгісіз себептермен толық жетпейді. Осы себепті Алматыдан айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағын тұрақты ғимаратпен және мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді сұраймын, – деді мәжіліс депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button