Жаңалықтар

Республикалық автотрассалардың бойына жануарлардың макеттері орнатылды

Жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген республикалық автотрассалардың учаскелерінде жануарлардың макеттері орнатылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz qaj.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл бұл жұмыс Павлодар және Қостанай өңірлерінде орналасқан республикалық тас жолдарда алғаш рет қолға алынып, қауіпті учаскелерде 40-қа жуық жаңа макеттер орналастырылды. Ескерту макеттері түнгі уақытта және ауа-райы қолайсыз болғанда анық көрінуі үшін оларға жарық шағылыстыратын арнайы элементтер жабыстырылады. Бұл жолға назар аудару қажеттігін еске салудың, қауіпті учаскелердегі жылдамдықты төмендетудің тиімді тәсілі. Жануарлардың макеттері осыған дейін Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының республикалық жолдарының бойына орнатылған болатын.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button