Жаңалықтар

«Respublica» партиясынан Мәжіліс мандатын иеленгендер тізімі

Respublica Partiyasy 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алған болатын, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Respublica Partiyasy 6 кандидаттың есімін жариялады. Бұл туралы Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.

– Құрметті достар, қазақстандықтар! Бүгін ОСК Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады. Respublica Partiyasy 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды, деп атап өтті ол. 

Ол партия тізімі бойынша Мәжіліс депутататтығына баратындардың аты-жөнін атады.

– Мәжілісте біздің партиямыздың атынан шығатын депутаттар – мен, партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, партияның тең төрағалары – Динара Шүкіжанова мен Руслан Берденов, сондай-ақ Динара Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков, деді ол.

Сөз соңында сенім артқандарға алғыс білдіріп, енді іске кірісетінін айтты. 
– Мен және менің әріптестерім бізге көрсеткен сенім үшін шын жүректен алғыс айтамыз және сіздің таңдауыңыздың дұрыстығын сөзбен емес, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін нақты істермен дәлелдеуге уәде береміз! Алға, Respublica!, деді Айдарбек Қожаназаров.

Басқа материалдар

Back to top button