Жаңалықтар

Respublica партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Асхат Бектұров дүниеден өтті

Respublica партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Асхат Бектұров мезгілсіз қайтыс болды. Қайғылы хабарды партия басшысы Айдарбек Қожаназаров жеткізді.

 

 – Қарағандыдан суық хабар жетті. Партияласымыз, облыстық партия филиалының жетекшісі және мәслихат депутаты Асхат Есентұров 41 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабар бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Асхат Есентұров қандай тұлға болғанын жеткізу үшін өмірінің бір бөлігін бөліссем. Өзі мүмкіндігі шектелуі азамат бола тұра «Қолғанат-Қарағанды» тігін компаниясын ашты. Бұл әлеуметтік кәсіпорын Қазақстан нарығында сегіз жылдан бері жұмыс істеп, 50-ден астам адамды жұмыспен қамтыды, оның жартысынан көбі – мүмкіндігі шектеулі жандар. Біздің жадымызда әдепті, еңбекқор, адал, өз ісінің кәсіби маманы, елінің нағыз азаматы ретінде сақталады, – деп жазды Айдарбек Қожаназаров Instagram парақшасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button