Жаңалықтар

Референдум нәтижесі 7 қазанда жарияланады

6 қазан күні елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстан референдумға толық дайын. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады.

Сурет: zhaikpress.kz

Науқанда 30 мемлекеттен келетін 177 байқаушы болады. Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей федерациясы, Өзбекстан елдерінен 74 бақылаушы тіркелді. Олардың біразы бүгінде елге келіп, өңірлердегі учаскелердің дайындығын, құжаттардың толықтығын тексеріп шықты. ТМД байқаушылар миссиясы басшысы Леонид Анфимовтың айтуынша, референдум нәтижесі 7 қазан күні жарияланады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button