Референдум: 63,87% сайлаушы дауыс берді
АЭС бойынша референдумда 7 820 918 қазақстандық дауыс берді. Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87% -і бюллетень алды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
1. Абай облысы бойынша – 69,57 %
2. Ақмола облысы бойынша – 71,63 %
3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11 %
4. Алматы облысы бойынша – 68,71 %
5. Атырау облысы бойынша – 63,28%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%
7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%
8. Жетісу облысы бойынша – 68,01 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 72,12 %
10. Қостанай облысы бойынша – 73,45 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03 %
13. Павлодар облысы бойынша – 65,09 %
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31 %
15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%
16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79 %
18. Астана қаласы бойынша – 50,81 %
19. Алматы қаласы бойынша – 25,39 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%
Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА