Әрбір көмек уақытында жақсы
“Қазцинк” ЖШС ірі тау-кен металлургиялық компаниясы Жайремдегі коронавирустық инфекциямен күресуде қолдау көрсетуді жалғастыруда.
Эпидемиологиялық жағдайдың бүкіл әлемде, сондай-ақ аймақтардағы оңай емес екені баршаға мәлім. Медициналық мекемелерде тек қана covid-19- ғана емес, басқа да аурулармен ауыратын науқастар саны өте көп, емдеуге арналған құралдар жеткіліксіз, Біз қазір осы дағдарысты бірге еңсеру үшін ынтымақтастыққа, қолдауға мұқтажбыз. Аурудың шыңы кезеңінде елдің денсаулық сақтау жүйесі қолдауды қажет етеді және Қазцинк оны барынша жедел көрсетуге ұмтылады.
Осы мақсатта компания Өскемен, Риддер, Алтай қаласы және Жәйрем кентінің ауруханаларына медициналық жабдықтар сатып алу үшін 85 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.
COVID-19 бар пациенттерді күтетін ауруханалардың инфекциялық бөлімшелеріне 120 оттегі концентраты жеткізілді. Оның ішінде Жәйрем поселкелік ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне – 5 дана, әрқайсысы 650 000 теңгеден. Концентраторлар COVID-19-дан асқынған жағдайда, пациент өз бетінше дем ала алмайтын кезде оттегі терапиясы үшін қолданылады. Медициналық оттегімен қосымша жабдықтау аурумен күресу мүмкіндігін арттырады, емдеуге жатқызу кезеңін қысқартатын қарқынды регенерация процесіне ықпал етеді.
Бұдан басқа ауруханаға: НППС (Омнимед) зембілдер, құюға арналған штатив ШР-01 (Омнимед), дефибриллятор-монитор ДКИ Н-11 (183260), BeneFusion VP3 инфузиялық сорғы, канюльмен 2L оттекті ингалятор, үлкен ересек жиналмалы көлік доңғалақтарының жиынтығы Кштсв-Б-НН, Biopress нейлон 50*14 стетоскоп BL-ASM-1, реанимациялық тыныс алу қапы (ересек) apexmed, санитарлық брезент зембілдер, сорғыш “элемена-Н ам1”, Мастерсепт 5л (қорапта 3 канистра, барлығы 4 қорап), мастерсепт 5л (канистра).
Осы қиын кезеңде халқына немқұрайлы қарамай, уақытында азаматтық белсенді ұстанымын танытып, өз қызметкерлерінің отбасын вирустың таралуынан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасап отырған “Казцинк” компаниясына алғысымызды білдіреміз.