Жаңалықтар

«Рамазан қоржыны» таратылды

Балқаш қаласындағы мешіт қызметкерлері Рамазан айы басталған күннен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері мен ауызашар қоржынын үлестіріп, халықтық шараға үлес қосты.

Мешіттің бас имамы Нұрболат Сейілханұлының айтуынша, Рамазан айының құрметіне «Рамазан қоржыны», «Садақада сансыз сауап бар» атты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылған. Акцияның басты мақсаты – қаладағы көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу. Игі бастама аясында 100 отбасыға азық-түлік берілген. Рамазан қоржынына күнделікті дастархан мəзіріне қажетті ұн, май, күріш, макарон, шай, қант жəне құрма салынған.

– Қайырымдылық шараға атсалысқан əрбір жанға Алла Тағала разы болып, сансыз сауап жазып, екі дүниенің бақытын нəсіп етсін. Рамазан айында азық-түлік қоржынын таратқандарға алғысым шексіз. Берекелі іс болды. Көмек қоржыны шаһардағы жағдайы нашар, күнкөрісі төмен отбасыларға берілді. Азық-түліктерді ауызашар беруге ниеттенген жəне қайырымдылық жасағысы келген кəсіпкерлер сатып əперді. Игі шара Ораза айынан кейін де жалғасады, – дейді Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Нұрболат Қалдарбеков.

Айта кетейік, берекелі ай басталғалы жергілікті мешіттерде «Ауызашар қоржыны», «Ауызашар қорабы», «Рамазан базарлығы» сынды акциялар үздіксіз ұйымдастырылды. 

БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button