ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Сергей Михайлович Брагин ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Сергей Брагин Мәскеу Мемлекеттік ашық университетінің тау-кен факультетін “Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру” мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары “Қарағандыкөмір” бірлестігінде (“Степная” шахтасы) электрослесарь, тау-кен шебері, механик, желдету учаскесі және ТБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
ҚазКСР Мемлекеттік техникалық бақылау Қарағанды округінің басқармасында учаскелік тау-кен инспекторы, Шахтинск тау-кен инспекциясы бастығының орынбасары болды.
1998 жылдан 2022 жылға дейін – ҚР ИДМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың тамыз айынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімін басқарды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі