Балқаш

Әр мәселе – назарда

Жуырда Балқаш қаласының әкімі Александр АГЛИУЛИН азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Шаһар басшысымен бетпебет жүздескен азаматтардың дені баспана, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерін алға тартты. Сондай-ақ, жылу жүйесі және электр энергиясы үшін төлемақылар төңірегінде де әңгіме өрбіді.

А.Аглиулин елдің тілек-ұсынысы жіті назарда болатынын айтты. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті мекемелер басшыларына нақты міндеттер жүктеп, орындалысын өзі ұдайы қадағалайтынын жеткізді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Back to top button