Жаңалықтар

ҚР Бас прокуратура қызметкерлері Қарағанды облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барды

Бас прокуратура қызметкерлері азаптауға және қатыгездікке жол бермеу бойынша шараларды іске асыру шеңберінде Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының Қылмыстық-атқару жүйесі Мекемелеріне баруды жүзеге асырды. Іс-шараларды іске асыруға құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен қатар өңірлердегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық жұмылдырылған. Сотталғандардың қатыгездік туралы кез-келген сигналы азаптау призмасы арқылы қаралады.

Көшпелі іс – шараның негізгі мақсаты-жазасын өтеу кезінде сотталған адамдарды азаптаудан, зорлық-зомбылықтан және басқа да қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынастан қорғау, жеке қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету.

Қадағалау органының қызметкерлері сотталғандармен жасақтарда және оңаша әңгімелесулер жүргізді, оларды карантинде қарады, ұстау шарттары, тәртіптік изоляторларға қамаудың негізділігі, электрондық өтініштер терминалдарының жұмысы, сондай-ақ олардың сотталғандар үшін қолжетімділігі тексерілді.

Бұдан басқа, жеке әңгімелесулерде проблемалық мәселелер талқыланды, жазасын өтеп жатқан адамдардың шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға, жазаны неғұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға құқықтарын іске асыруда құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ медициналық көмек алу, елдің басқа Мекемелеріне, сондай-ақ одан тыс жерлерге (сотталған шетелдіктер) ауыстыру, туыстарымен кездесу мерзімділігі, жұмысқа орналасу және т.б. мәселелерге қатысты заңнамалық нормалар түсіндірілді,

Азаптаудың алдын алу жұмысындағы профилактикалық әсерге Мекемелерде “үздіксіз бейнебақылау” жүйесін енгізу есебінен қол жеткізіледі.

Бүгінгі таңда Республика бойынша 79 Мекеменің 52-сі үздіксіз бейнебақылаумен қамтылған. Қарағанды облысында 3 Мекемеде үздіксіз бейнебақылау орнатылды. Жыл соңына дейін 100%-ға қол жеткізіледі  (қалған 6 Мекеме де қамтылады). Облыс прокуратурасының өкімі негізінде “соқыр аймақтарды” анықтау үшін Мекемелерді аралау, сондай-ақ серверлік бөлмелерді мөрлеу/ашу прокурордың міндетті қатысуымен комиссиялық түрде жүргізіледі.

Сотталғандардың да, Мекемелердің қызметкерлерінің де іс-әрекеттерін тіркеу үшін бейнетіркегішті пайдалану міндетті талап болып табылады. Осы мақсатта облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жергілікті бюджеттен оларды қосымша сатып алуға 400 бірлік көлемінде қаражат бөлуге бастамашылық жасады.

Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша облыс прокуратурасы оларды жою туралы тапсырмалар, сондай-ақ осы үшін қажетті орындарға бейнекамераларды қосымша орнату бойынша ұсыныстар берді.

Сонымен қатар, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесіне назар аударылды.

“Еңбек” РМК филиалының өкілімен бірлесіп Мекемелердің өнеркәсіптік нысандарына барды.

Облыс колонияларында өндірістік қызметті 42 шағын / орта бизнес субъектісі жүзеге асырады. Жыл басынан бері өндіріс 36-дан 47 өндірістік учаскеге дейін кеңейтілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап облыста өндірісті жаңғырту/кеңейту, сотталғандардың еңбек нарығын ескере отырып мамандықтар алуы, заңнамалық нормаларды жетілдіру және т.б. мәселелерді қамтыған Пилоттық жоба (“Қарағанды облысы мен Ұлытау облысындағы ҚАЖ кәсіпорындарының өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жолымен сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру”) іске асырылуда.

Сондай-ақ, жұмыс орындарының санын арттыру үшін облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен, облыс әкімдігімен, “Атамекен” ҰКП, “Еңбек” РМК филиалдарымен бірлесіп, жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Оны іске асыру шеңберінде сотталғандар мен кәсіпкерлер үшін іс-қимыл алгоритмдері әзірленді, Жеке кәсіпкерлікті ресімдеу тәртібі түсіндірілді. Ұзақ мерзімді кезеңге бизнес субъектілерімен шарттар бекіту практикасы қолданылады.

Уәкілетті органдармен және Атамекен ӨКП-мен бірлесіп Ұлттық жобалар шеңберінде сотталғандардың бизнес-жобаларын іске асыруға гранттар бөлу мәселесі пысықталуда.

Облыс әкімдігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында №№30,34 Мекемелерде 60 сотталушыны оқытатын 2 колледж корпусы ашылды (автокөлікті жөндеу, әрлеу/құрылыс жұмыстары бойынша шебер).

Жұмысқа орналастырылған адамдардың, тартылған бизнес субъектілерінің санына қарай Мекемелердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесі енгізілді. Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сотталғандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысқа жауаптыларды бекіту бойынша толықтырулар енгізілді.

Тамыз айында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, әйелдер колониясы және “Астра-Агро LTD” ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ Мекеменің сотталғандарының арасынан жұмыс күшін беру туралы шартқа қол қойылды. Мекемеден тыс жерде жұмыс істейтін 40 сотталған әйел жұмысқа орналастырылды (көкөністерді жинау және сұрыптау).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button