Пікірлер

Құптарлық шешім

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ елде реформаны қажет еткен қадау-қадау мәселелерге назар аударды. Соған орай нақты тапсырмалар берілді. Бағыт-бағдарлар айқындалды.

Соның ішінде, бүгінгі таңда індетпен бетпе-бет келіп, ерлікке пара-пар еңбек еткен дәрігерлер қауымының мәртебесі.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде, ауыр сынақ болғанын атады. Бұл ахуалдың Қазақстанда кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін анық аңғартқанын жеткізді. Сондай-ақ, бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқының қорғалмауы себеп екенін де жеткізді. Осы орайда алдағы уақытта көптеген ауқымды шаралар жүзеге асатын болды. Әсіресе, ақ халатты жанашырлардың айлығының өсетіндігі баршаның көкейіне қонып, көңілінен шықты. Лайықты баға. Құптарлық шешім. Мұндай шешімнің дер кезінде қабылданғаны қуантады. Дәрігер қауымы  қашанда халық денсаулығының күзетінде ақ адал қызмет етіп келеді.

Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ,

медицина ғылымдарының докторы,

Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button