Приозерскіде арнайы оқу-жаттығу жиыны өтті
Кеше Приозерск қаласының аумағында «Қауіп төнген және орын алған кездегі билік органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің және халықтың іс-әрекеті» тақырыбында кешенді оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі өтті. Оған облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, Приозерск қаласы әкімдігі аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық және эвакуациялық іріктеу комиссиясының, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының бөлімшелері қатысты.
Аталмыш шара мемлекеттік орган басшыларының, авариялық-құтқару қызметінің күштері мен құралдарын қалалық азаматтық қорғау жүйесі жұмысының әртүрлі режимдеріне үйрету және дағдылары мен іс-әрекеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Жиын барысында қаладағы барлық дауыс зорайтқыштардың жұмысқа дайындығы тексерілді. Қалалық жедел әрекет ету тобы мен іздестіру-құтқару жасағының жұмысына шолу өткізілді. Приозерск қаласында індет ошағы, өрт шығу қаупі бар объектілердегі өрт сөндіру құралдары тексерілді. Және сол құрылғылармен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz