Ресми

Приозерск жастарының мәселесі талқыланды

Облыстық жастар мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Нұржан Әлімжанов жастар мәселесін айқындап, оларды шешу мақсатында аудан мен қалаларға жұмыс сапарын бастады. Басқарма басшысы әуелі Приозерск қаласына ат басын тіреп, ондағы кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, қала жастарымен кездесіп, түрлі мәселелерді талқылады.

 

– Қалаға іс-сапар барысында жеке қабылдау ұйымдастырдық. Қабылдауға келген жастарды толғандырған мәселердің басым бөлігі – тұрғын-үй, жұмысқа орналасу, кәсіпкерлікті қолдау және бос уақытты ұйымдастыру шаралары. Әрине, мәселе көп. Сол мәселелерді шешу үшін өзара пікір алмасуымыз қажет. Сол мақсатта жастармен кездесіп, шешімін таппай жүрген мәселелерді бірлесе отырып талқылауымыз керек. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара бұл, – деді Біржан Нұржанұлы.

Жастармен кездесу барысында жас мамандардың тұрақтануы үшін Қарағанды, Теміртау қалаларының ізімен моноқалаларда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында берілетін қаржы мәселесі қарастырылатын болды. Сонымен қатар, медициналық колледжде білім алып жатқан ата-анасының қамқорлығынан айырылған баланың оқу ақысын төлеуде жеңілдік қарастыру мүмкіндігі қайта пысықталмақ. Және қаладағы жас кәсіпкерлердің облыс әкімінің гранттарына қатысуы қамтамасыз етілмек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button