Приозерск қаласында демалыс аймақтары салынады
Приозерск қаласында туризм саласында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Келесі жылы қалада екі демалыс аймағы және эко-ауыл үлгісінде кешен ашу жоспарлануда.
«Балқаш Туризм 2019» форумына қатысқан қазақстандық және ресейлік турагенттер мен туроператорлар Приозерск қаласы туралы мәлімет беретін ақпараттық турға қатысты. Олар Балқаш курорттық аймағына кіретін қаланың тыныс-тіршілігімен танысты. Осыдан 15 жыл бұрын Приозерск жабық әскери қала болатын. Қазір Сары-Шаған полигонының әкімшілік орталығы.
Форум қатысушылары полигонның мұражайы орналасқан жергілікті офицерлер үйін көрді. Содан кейін «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде болып, қызметтермен танысты.
Қала әкімі Қайрат Қамзин өңірдің туристік әлеуетімен таныстырды.
– Қалада бүгінде сыйымдылығы 260-қа дейін орынды қамтитын 229 жалпы нөмірі бар 6 қонақ үй жұмыс істейді. Сонымен қатар, туристер хостелдерге және шағын қонақ үйлерге орналаса алады. 2014 жылдан бастап «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Қаланың бас жоспары әзірленді. Ол егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген. Рекреациялық-сауықтыру секторының бос жатқан учаскелерінде демалыс аймақтарын салу көзделіп отыр, – деді қала басшысы.