Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу шарттары түсіндірілді
ҚР Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен облыс бойынша жастар саясатын іске асыру саласы, денсаулық, мәдениет, ақпараттандыру, ауылшаруашылығы, әлеуметтік және спорт саласындағы ұйымдарда жұмыс істейтін әлеуетті үміткерлермен ПЖКР іріктеу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Кездесу барысында спикер 2025 жылдың 1-30 маусым аралығында Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу кезеңі өткізіліп жатқанын атап өтті.
Бұл жоба — елдің өркендеуіне атсалысуға дайын, жоғары білімді және тың ойлы жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.
Жиын барысында қатысушыларға іріктеудің мақсаты, кезеңдері мен үміткерлерге ұсынылатын мүмкіндіктер жайлы жан-жақты мәлімет берілді.
Кездесу соңында, Жандос Сәрсен адал қызмет етуге ынталы патриот жастарды осы бастамаға белсенді қатысуға шақырды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті