Жаңалықтар

Президенттік әдеби сыйлыққа енді 35 жасқа дейінгілер өтініш бере алады

Жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа енді 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына осындай өзгеріс енгізілген, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындылары бар, қазақстандық әдебиетті дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар жас жазушылар мен ақындар Президенттік сыйлыққа үміткер бола алады, – деп жазылған жаңа редакцияда.

Айта кетейік, бұрын бұл сыйлық 29 жастан аспаған азаматтарға берілетін.

Өтініш жолдау үшін жас жазушылар мен ақындар 30 маусымға дейін уәкілетті органға қағаз және электрондық түрде мына құжаттарды ұсынуы тиіс:

– Президенттік сыйлық алуға өтінім;

– үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;

– Қазақстан Жазушылар одағының Президенттік сыйлыққа үміткерге шығармашылық мінездемесі;

– Президенттік сыйлыққа үміткер жариялаған не үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмесі;

– екінші деңгейдегі банкте банк шотының бар екенін растайтын анықтаманың көшірмесі;

– үміткердің жетістіктерін айғақтайтын өзге де материалдар.

Құжат 29 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Қоса кетсек, енді «Дарын» жастар сыйлығына да 35 жасқа дейінгі азаматтар өтініш бере алады.

Еске салайық, былтыр 8 желтоқсанда Сенат 35 жасқа дейінгілерді «жастар» санатына енгізу туралы заң жобасын мақұлдаған еді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button