Жаңалықтар

Президенттің туған күніне ешқандай іс-шара жоспарланбаған – Ақорда

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді, – деп жазды Руслан Желдібай Facebook-те.

Президенттің баспасөз хатшысы еске салып өткендей, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

– Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, – деді ол.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button