Бас тақырыпЖаңалықтар

Президент шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button