Жаңалықтар

«Портфолио жинау міндетті емес»

Бұдан былай мұғалімнің мықтылығы портфолио жинау арқылы шешілмейтін болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылордаға жасаған сапарында ұстаздармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

– Мектептің мұғалімдері педагог, модератор, сарапшы сияқты үш деңгейде міндетті түрде өз пәні бойынша тест тапсырады. Ал, зерттеуші тесттен толық босатылады. Бірақ тесттің сұрақтары көбейеді. Сарапшылармен ақылдасамыз, 100-150 аралығында болады, – деді министр.

Оның айтуынша, аттестация сұрақтары мұғалімге қиындық немесе стресс тудырмауы қажет. Керісінше, ұстаз біліктілігінің өсуіне әсер етуі керек.

– Сондықтан портфолио алынып тасталынады. Мұғалімнің мықтылығы портфолио жинау арқылы шешілмейді. Енді ұстаздың біліктілігі – баланың жетістігімен есептеледі. Әрбір мұғалімнің қарым-қабілеті оқушының жетістігімен бағаланбаса, оның пакет-пакет жинаған мақтау қағаздары мен сертификаттары айқындай алмайды. Әйтпесе, осы күні түрлі-түрлі наградалар көбейіп кетті, – дейді Ғани Бейсембаев.

Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» және тағы басқа наградалар даңғойлыққа кетіп қалды деп отыр. Өйткені портфолио жинау үшін сатып алуға бейімделгендер көбейген.

– Алдағы уақытта сарапшыға «Құрмет белгісі»,зерттеушіге «Алтынсарин белгісі» беріледі. Мұғалім медальді емес, медаль мұғалімді іздеуі керек, – деді министр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button