Полковник Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

Қазақстан әскерінде полковник Ержан Ыбыраев әскери училище курсантынан “Оңтүстік” әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасарына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, қолбасшының орынбасары – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасында жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, штаб бастығы – “Батыс” ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.
1999 жылы ҚР ҚК Әскери академиясын, 2009 жылы – Ұлттық қорғаныс университетінің әскери және әкімшілік басқару факультетін, 2020 жылы – “Ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің қорғанысы” мамандығы бойынша РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
II дәрежелі “Айбын” орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы