Жаңалықтар

Полицейлер иесіне 6 ай бұрын ұрланған көлікті тауып берді

23-мамырда Теміртау қаласы ІІБ Ескі қала полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ер адам кешке жұмыстан келген соң көлігін өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласына қойғанын айтқан.

Сурет: Ашық дереккөз

Таңертең арызданушы көлігінің жоғалғанын көріп, полицияға арыз түсірген. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша полицияға тіркеліп, іс қозғалды.

Алты айдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласынан ұстады. 33 жастағы күдікті кінәсін толық мойындап, қылмысқа тұрмыстық қажеттіліктен барғанын түсіндірді.

Қазіргі таңда көлік иесіне қайтарылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button