Пойызда жантүршігерлік қылмыс орын алды

Жамбыл облысындағы жантүршігерлік оқиға! Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адам саудагер келіншектің басын кесіп алған. Дегенмен, полицейлер оқиғаның анық-қанығын ашып айтпай отыр. Ал қанды қылмыстың өзі Шу станциясында болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Отарба осындағы темір жол вокзалына тоқтаған соң, коммерсант әйел жолаушыларға киім-кешек, азық-түлік ұсынып вагон ішіне кірген. Тек тамбурдан өте бергенде соқталдай жігіт денесіне бірнеше рет пышақ сұғып, тамағынан орып жіберіпті. Қан-жоса болып құлаған келіншек сол жерде жан тапсырған. Ал, қаскөй сол мезетте-ақ ұсталғанымен, мұндай қанды қылмысқа не үшін барғанын түсіндіре алмапты. Өйткені, ақыл-есінде ауытқу бар дейді полицейлер. Өзінің де диспансерден ем қабылдап шыққан беті көрінеді. Қасында анасы болған деген ақпарат бар. Енді осы ауруына байланысты жазадан да құтылып кетуі мүмкін.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

— Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.