Жаңалықтар

Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке қаруланып келіп, бірнеше баланы жарақаттады

Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп, бірнеше оқушыны жарақаттады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектепте сағат 7.50 минут кеткенде болған. Осы оқу ордасының 9 сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол 3 оқушыны жарақаттады. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр.

Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Басқа материалдар

Back to top button