Жаңалықтар

Парасатты пікір, сүбелі сұхбат

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында ел өміріндегі ең маңызды оқиғалар қатарына тоқталды. Сонымен қатар, келер жылы ел президенті ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы саясатты жалғастыратынын мәлімдеді.

Экономикада Президент инвестициялар мен салалардың әртүрлілігін ынталандыру үшін қажетті шаралар қабылдады. Инфрақұрылымдық жобалар мен жаңғырту стратегиялары елдің тұрақты дамуына ықпал етеді.

Күрделі кезеңде өз қызметіне кіріскен Президент Тоқаев Қазақстан алдында тұрған басты сын-қатерлерді шешуде табандылық танытты. Оның экономиканы, әлеуметтік саланы дамытуға және халықаралық қатынастарды нығайтуға баса назар аударуы маңызды бағыт екені сөзсіз.

Әлеуметтік саясат саласында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін жақсартуға бағытталған азаматтарға деген қамқорлық сезіледі. Бұл орайда, ресурстық секторға тәуелділікті азайту және инновациялық бағыттарды дамыту бойынша кешенді шараларды жалғастыру әлі де өте маңызды. Әсіресе, жұмыссыздық деңгейі және сапалы білім беру сияқты жекелеген салалар әрдайым қосымша назар аударуды қажет ететіндей.

Президент Тоқаев жаһандық өзгерістер жағдайында маңызды халықаралық қатынастарды нығайту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бітімгершілік, аймақтағы тұрақтылықты сақтау және негізгі геосаяси ойыншылармен ынтымақтастық жөніндегі дипломатиялық күш-жігері мойындауға лайық. Жалпы, президенттің кез келген мәлімдемесін қалт жібермей ұғыну, оның халық болашағы жолындағы қалтқысыз қызметін бағалау екендігін естен шығармаған абзал. Әрқандай қоғамдық пікір мен әртүрлі көзқарас ескерусіз қалмай дер шағында тиісті амал жасалса, құба-құп. Ел жылнамасынан сыр тарқатар Мемлекет басшысының бұл сұхбаты біздің алдымызға жаңа жылда жаңа мақсат-міндеттер үстейді.

Зара ШАЛАБАЕВА,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button