Жаңалықтар

Пәтерде ит асырау дәстүрге айналып барады

Бүгінгі таңда үйде ит асырау дәстүрге айнала бастады. Бұл – елдің ғұрпында болмаған жағдай еді.

Әрине, мәселе итте емес. Өз отбасы, ошақ қасынан жылылық таба алмай, итпен серік болуды өміріне желеу ететіндердің біздің қоғамға да жұға бастаған қасіретті дертінде. Әр адамға жылылық керек. Тек, тәнді ғана жылытатын емес, рухани қуат боларлық берекені де отбасынан іздеген дұрыс. Міне, осы жылылықты таппағанда, итпен серік болуды ойға алатындар пайда болады. Оның астарында тек қара басын ғана ойлайтын тәкаппарлық, өзімшілдік жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Байқайсыз ба, біз жетпіс жыл бойы тағдырлас болған көршілес елде тек өзін ойлау қоғамдық мәдениетке жатады. Мысалы, ол қоғамда адамдарға керегі ақша, тамақ, ішкілік, көңіл көтерудің өзге де түрлері болатын. Үйдің ішінде ит асырау да қазақ қоғамына осы көрші елден жұққаны анық. Қазақ дегенмен жеті қазынаның бірі ретінде ит асырайды. Иттің сыртта өз үйшігі болады. Үйге кіріп кетсе, «кет» деп қуып шығады. Бүгінгі жағдай мүлдем бөлек болып тұр. Жер үйде тұратындар гигиеналық талапқа сай үш ит бағуына болады. Ал, көпқабатты баспанадан ит-мысық асырайтын орталық ашуға мүлдем тыйым салыну қажет шығар. Үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесіне осындай талап енгізілуі керек деп ойлаймын.

Отбасыңда хайуан – итпен емес, ата-ана, жаныңа жақын ет бауыр туған-туыс, ағайынмен бірге өмір сүргенге не жетсін?!

Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button