Пәтер тонаушылар құрықталды
Қарағанды қаласы Орталық полиция бөліміне 76 жастағы қала тұрғыны үйін тонап кеткені жайлы шағым түсірген. Зейнеткер отбасымен бірге қала сыртына шығып, үйіне қайтып келгенде пәтерін тонап кеткенін байқаған.

Тонаушылар сыртқы торды жұлып, пластикалық терезені сындыру арқылы үйге кіріп, ақша мен құнды заттарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласы ОҚБ және Криминалдық полиция қызметкерлері СОБР-мен бірлесіп, 27 жастағы жүргізуші басқарған автокөлікті тоқтатты. Салонда 27 және 30 жастағы екі жолаушы да болған. Аталған көлікті тексеру кезінде полицейлер жиналмалы жинақ баспалдағын, қолғап пен екі құрастыру кілтін тағы да басқа айғақты заттарды тәркіледі.
Кейін мәлім болғандай, жолаушылар такси жалдап, тағы да қылмыс жасауды жоспарлаған. Күдіктілер барлығы төрт ұрлық жасап, екі жағдайда өздерінің қылмыстық ниетін орындай алмаған. Тоналған пәтерлерден ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, кейін ломбардтарға өткізіп отырған. Қазіргі келтірілген шығынның жалпы көлемі анықталуда.
Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ