Спорт

Қостанайдың «Тобыл» клубы Финляндияның «Хонка» командасын 2:1 есебімен жеңді

УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында Финляндияның «Хонка» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

УЕФА Конференция лигасы

Бірінші таймда қарсыластар есеп ашты. Қарсылас команданың жартылай қорғаушысы Лукас Кауфманн 39-минутта көзге түсті. Әріптесі Отсо Коскиненнің берген пасын алыстан қақпаға бағыттап, шабуылды нәтижелі аяқтады.

Алайда, отандастарымыз қарап қалған жоқ. Ойынның екінші бөлігінде допқа қарсыластарына қарағанда көп иелік етті. Әрі шабуылдарын да үдете түсті. Нәтижесінде жартылай қорғаушы Милан Вукадинович таразы басын теңестіріп кетті. Араға 13 минут салып Милан екінші голдың авторы атанды.

Осылайша отандастарымыз қарсыластардың қолынан жеңісті жұлып алды. Енді екінші кездесуді сырт алаңда 20 шілдеде өткізеді. Егер Хонконы жеңетін болса, келесі кезеңде Швейцарияның базель клубымен кездеседі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button