Жаңалықтар

Осакаров ауданында ерікті өрт сөндіру жасақтарына жауынгерлік киім мен жаңа техникалар берілді

Осакаров ауданының ерікті өрт сөндіру жасақтарына “Ермак” өрт модульдері мен жауынгерлік киім берілді. Атап айтатын болсақ, “Родниковское”, “Трудовое”, Сарыөзек және “Садовое” ауылдарының өрт сөндірушілері жаңа жабдықтар алды.

Салтанатты шара Осакаровка кентінің 17-ші өрт сөндіру бөлімінде өтті. Аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов еріктілерге:

– Өрттің  қауіпті кезеңі жаз маусымын абыроймен алып шығуларын тіледі. Жаңа жабдық жұмысты жеңілдетеді және оны қауіпсіз етеді деп үміттенеміз, – деді ол.

Еріктілер үшін “Ермак” өрт модулін пайдалану бойынша сабақ өткізілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button