Жаңалықтар

Осакаров ауданын дамыту жоспарлары туралы

Осакаровка кентінде биыл төрт 18 пәтерлі жалға берілетін үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Озерное, Ералы, Пионерское ауылдарында және Осакаровка кентінде жетінші кезекте су құбыры желілерін салу жалғасады.

2022 жылдың қорытындылары және Осакаров ауданын одан әрі дамыту жоспарлары туралы өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифинг барысында әкім Руслан Нұрмұханбетов хабарлады.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты тұрғын үй мәселесін шешпей мүмкін емес. Биыл ауданда 8100 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2022 жылдың деңгейімен салыстырғанда екі еседен астам.

– Осакаровка ауылына қатысты. 18 пәтерлі төрт жалға берілетін үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Тағы екі 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ түзетілді. Өткен жылы мұнда алты екі пәтерлі бір қабатты үйлердің құрылысы басталды. Биыл жеке инвестициялар есебінен салынған 18 пәтерлік бір тұрғын үйді сатып алу жоспарлануда, – деді Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов.

Сондай-ақ Осакаровка кентінің оңтүстік-шығыс ауданында ЖТҚ инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірленуде. 200 жер учаскесі қамтылады.

Ауыл тұтынушыларын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен Осакаровка кентінің Озерное, Ералы, Пионерское және Осакаров ауылында 7-кезек су құбыры желілерінің құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Николаевка, Сенокосное, Садовое және Трудовое ауылдарында су құбырының құрылысы басталады.

Есіл, Сарыөзек және Ошағанды елді мекендеріндегі кентішілік жолдар жөнделеді.

Молодежный кентіндегі “Айгөлек” балабақшасын күрделі жөндеу жоспарланған.

Ауданда “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасы бойынша да көптеген жұмыстар атқарылады. Ақбұлақ ауылында мектепті жаңарту басталады. Озерное, Батпақты және Садовое ауылдарындағы мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтеді. Озерное ауылында ФАП құрылысы аяқталады.

Бұдан басқа, 2023–2024 жылдары Сарыөзек, Ошаған, Ақпан, Звездное және Шұңқыркөл ауылдарында емдеу мекемелерінің құрылысын бастау жоспарлануда.

Молодежный кентінің ауруханасын күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленді. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Қазір жоба мемлекеттік сараптамада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button