Қос көлік – халық игілігіне
Жуырда «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалы Жаңаарқа аудандық пошта байланысы бөліміне қос бірдей автокөлік сыйлады.
Жалпы, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бүгінде өз жұмысын жүйелі жолға қойған. Хат-хабар, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер тасымалдауда тұрғындарға уақытылы және сапалы қызмет көрсету – «Қазпоштаның» басты мақсаты.
Жағымды жаңалықты Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Дерекке сүйенсек, қос автокөліктің бірі – қаражат тасуға, екіншісі – пошта тасуға арналған көліктер екен. Олар аталған ауданға қарасты ауылдармен қатар, Қаражал қаласы, Жәйрем кентінің тұрғындары үшін қызмет ететін болады. Яғни, халықтың игілігіне.
Көлікті тапсыру рәсіміне «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Жанбота Бөкенов арнайы қатысты.
Жаңаарқа ауданының пошта байланысы бөлімінің басшысы Айман Тәжитова облыстық филиалдың басшылығына алғыс айтты. Сондай-ақ, көліктердің халық игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ
ЖАҢААРҚА ауданы.