Қоржынға екі алтын түсті

Қытайда өтіп жатқан IV Азия  пара ойындарында отандастармыз екі алтын, бір қола медальді қоржынға салды.

Суреттер интернеттен алынды

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз әуелі 187 келіні бағындырған. Осы салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленген қытайлық Янг 185 келіні бағындырған. Ал, ІІІ орынды вьетнамдық спортшы An Nguyen (184 келі) иеленді.

Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек те алтыннан алқа тақты. Ол ақтық бәсекеде қытайлық спортшыс Ли Личиннен айласын асырып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Сонымен қатар, пара дзюдодан (J2 санаты бойынша) ерлер арасында 60 келіде өнер көрсеткен Әнуар Сариев қола жүлде иеленді.  Қола үшін өткен жекпе-жекте Лондон Паралимпиадасының күміс жүлдегері Сюй Чжаоды жеңді.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.