Орталық жұмысы жүйелі

     Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қарағанды облыстық кардиохирургия клиникасындағы жағдаяттық орталықтың жұмысымен танысты.

Қазақстан бойынша алғаш рет жұмысын бастаған жобаның негізгі міндеті – ауылдан келген науқастарға мамандандырылған көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Жағдаяттық орталық – тұтастай кардиологиялық қызметке мониторинг жүргізу мен үйлестіруге арналған бөлімше. Облыстық кардиохирургиялық орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі. Жоба, ең алдымен, мамандар жетіспейтін ауылдық және шалғайдағы өңірлерге көмек көрсетуге бағытталған. Оны жүзеге асыру – жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастарды ауруханаға кеш жатқызу, уақытылы дертті анықтамау жағдайларын азайтуға, хирургиялық шаралардың нәтижесін жақсартуға мүмкіндік береді, – дейді облыстың штаттан тыс бас кардиологы Нәзира Базарова. Оның айтуынша, қарағандылық кардиологтар орталықты елімізде бірінші болып ашып отыр.

Жағдаяттық орталықтың ашылуына орай өңірде ауруды анықтаудың жедел облыстық желісі құрылған. Бұл үшін кардиохирургиялық орталық шамамен 8 млн. теңгеге 15 телеметриялық ЭКГ аппараттарын сатып алып, бұл аппараттар аудандық аурханаларға, сондай-ақ, шалғайдағы ауылдық зертханаларға берілген. Сонымен қатар, кардиологтар тапшылығы байқалатын Приозерск, Қаражал қалаларының және Жәйрем кентінің ауруханаларына берілген. Астана қаласынан шығарылған отандық аппараттар шағын, алып жүруге де қолайлы.

Мамандардың мәліметінше, Қарағанды облысында қан айналымы жүйесі ауруларымен 120 мыңнан астам адам есепте тұса, оның 60 мыңға жуығы артериалды гипертензия, 30 мыңға жуығы – жүрек қан-тамырлары аурумен ауыратындар.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.