Приозерск

Орта мектептің өз стадионы бар

Жалпы білім беретін № 2 орта мектеп жанындағы ағымдағы жөндеуден өткен спорт алаңы жаңғыртылып, стадион мәртебесінде жұмысын бастады. Оның салтанатты ашылуы қала жұртшылығының ортақ қуанышына айналды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты мен «Атамекен» қосалқы бағдарламасы аясында жүзеге асырылған игілікті іске «РАЙС KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі демеуші болды. Қалада заманауи спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырған стадионда мектеп оқушыларымен қатар таяу маңайдағы тұрғындар да спортпен айналысады, барлығы 1500 адамды қамту көзделген.

Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button