Жаңалықтар

Ортақ мақсат жолында

Латын графикасына көшуге үлкен ізденіс, мол еңбек қажет. Осының бәріне күш-жігеріміздің жететініне сенім артуымыз керек.

Елбасы латын графикасына көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет. Бұл – заман талабы. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын. Өйткені, қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аудартады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар көбейіп барады. Қуантарлық жайт, әрине.

Нақты шешім қабылданғаннан кейін оның жүзеге асуына көпшілік болып атсалысуға міндеттіміз. Кезінде солақай саясаттың салдарынан халықтың мәдениеті, әдебиеті, тілі жойылып кетуге шақ қалғанын тарихтан білеміз. Сондай зұлмат замандарды басынан өткерген кейбір ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбалары бізде сақтаулы тұр. Мұндай мол мұраларды жас буынның кәдесіне жаратып, ғұмырлы ету үшін латын әліпбиіне көшудің және шығармаларды сауатты аударудың маңызы зор. Осы жолда көп жұмыстар атқарылуы қажет. Біз, кітапхана қызметкерлері, бұл бағыттағы іс-шаралардың барлығына бір кісідей қолдау көрсетуге, қолдан келгенше тер төгуге әзірміз.

Гүлбаршын ИСКАКОВА,

орталық кітапхана библиографы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button