Қоршаған ортаны қорғау – қоғамдық мүдде

Басқарманың қарауындағы мем­лекеттік орман қоры жерлерінің жал­пы алаңы 2017 жылғы 1 қаңтарға 204258 га, соның ішінде, орманмен көм­керілгені – 83397 гектарды құрады.

2016 жылдың көктемінде мемлекеттік орман қорында орман дақылдарын отырғызу 366,3 га алаңда жүргізілді, бұл 2015 жылғы көктемдегі көшеттеу алаңымен салыстырғанда 66,3 га артық.

2016 жылы Теміртау қаласында, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде және Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ кентінде орман қорының жерлерінде орман дақылдарын отырғызу алғашқы рет жүргізілгенін атап өту керек.

2017 жылы орман дақылдарын 435,3 га алаңда отырғызуды жүргізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік орман қорының аумағында өрттерді болдырмау мақсатында ведомстволық бағынышты мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің күшімен келесі алдын алу іс-шаралары жүргізілді: минералдандырылған белдеулерді жайластыру – 104 км, минералдандырылған белдеулерге күтім жасау — 4850 км, ауыл шаруашылығы құрылымдарына құлақтандырулар беру – 133 дана, газеттерде мақалалар жариялау – 24 жарияланым, теледидардан сөйлеу – 5 хабар, аншлагтар орнату – 214 дана, үнпарақтар тарату – 484 дана; 7395 адамды қамти отырып 1729 ұйым мен оқу орындарында семинарлар, дәрістер, әңгімелесулер өткізілді.

Былтырғы өткен кезең ішінде орман қорының аумағындағы 6 орман шаруашылығында орман өрттері тіркелген жоқ.

Балық шаруашылығының қоры жергілікті маңызы бар 127 балық шаруашылығының су айдындарынан тұрады, 39 жануарлар дүниесін пайдаланушыға 58 су объектісі бекітілген, 69 су объектісі резервтік қорды құрайды.

Аңшылық алқаптардың жалпы алаңы 34 млн. 950 га құрайды, соның ішінде бекітілген аңшылық алқаптары 17 млн. 993 га, резервтік қордың алаңы 16 млн. 957 га. Облыста барлығы 138 аңшылық шаруашылығы бар. Соның 96-сы бекітілген, 42-сі резервтік аңшылық шаруашылықтары.

Облыста 228 гидротехникалық имарат бар. Қалалық/аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде, бүгінгі күнге облыс аумағында иесіз су шаруашылығы объектісі жоқ, барлық объектілердің меншік иелері бар.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің деректері бойынша Қарағанды облысының аумағында барлығы 228 су шаруашылығы объектісі бар, соның ішінде 8-і республикалық меншікте, 20-сы облыстық коммуналдық, 1-уі қалалық коммуналдық меншікте, 179-ы қалалық/аудандық меншікте, 18-і жеке меншікте, 2-уі әділет органдарында иесіз ретінде есепке қойылған.

Абай, Нұра, Шет және Бұқар жырау аудандарының су шаруашылығы объектілерін, барлығы 18 объекті, облыстық коммуналдық меншікке қабылдау жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Қарағанды облысында Балқаш көлі, Самарқанд, Кеңгір, Шерубай-Нұра және Топар су қоймалары, Нұра (Соқыр, Шерубай-Нұра салалары), Сарысу, Қара-Кеңгір, Жезді өзендері барынша ірі ретінде, негізгі су объектілері болып табылады және негізгі жүктемені көтереді. Олардың су ресурстары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ БД, «ТЭМК» ЖШС, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС және басқалардың өндірістік қызметінің процесінде пайдаланылады. Өндірістік мұқтаждықтарға пайдаланылғаннан кейін, су нормативтік-таза және нормативтік-тазартылған санаттары бойынша су объектілеріне кері тасталады.

Су объектілеріне тасталатын суларды тазалау сапасын жақсарту мақсатында, «Балқаш қаласының тазалау имараттарының құрылысы» ТЭН-інің жобалары іске асырылуда және «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде «Приозерск қаласының тазалау имараттарын реконструкциялау» жобасын іске асыру жүргізілуде.

Басқарма экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, қоғамды одан әрі экологияландыру бағыттарында әралуан ҮЕҰ-лармен тұрақты бірлескен жұмыс жүргізеді .

Қазіргі уақытта, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң шеңберінде Қарағанды облысының әкімдігі тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен онда Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қалаларының қалдықтарын орналастыру үшін ТҚҚ полигоны бар қоқысты қайта ұқсату зауытын салу жөніндегі «ГорКом­Транс» ЖШС-нің жеке бастамасын қарастыруда. Аталмыш жоба бойынша «Қарағанды облысының тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту» Тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі уақытта жаңа полигон құрылысының жұмыс жобасы сараптамадан өтуде.

«Қарағанды қаласының ГорКом- Транс» ЖШС, «Қарағанды-Ресайклинг» ЖШС, «ТТК» ЖШС мамандандырылған ұйымдары қалдықтарды бөлектеп жинауды енгізуде. Облыс аумағында пластик, қағаз, шыны жинау үшін 700-ден астам мамандандырылған контейнерлер және сынапқұрамды аспаптарды жинау үшін 54 контейнер орналастырылды.

Қарағанды облысын дамытудың 2011-2016 жылдарға арналған Бағдарламасымен белгіленген индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізілді.

«Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына» сәйкес Жезқазған қаласы қолданыс үстіндегі ТҚҚ полигонына сыртқы инфрақұрылым құрылысына (сумен-электрмен жабдықтау) жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Жыл басынан бері Басқарма келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті:

– «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» 41 мемлекеттік қызмет;

– «Ағаш кесу және орман билетін беру» 17 көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

– «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» 7636 көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

– «II, III, IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» – 973;

– «II, III, IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» – 1312.

Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 9979.

Руслан ТӨЛЕПБАЕВ,

Қарағанды облысының

табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.