Орбитадан – Арқаға

   Дүйсенбі күні сағат 17:21-де «Роскосмос» аппаратымен ғарышкерлер Андрей БОРИСЕНКО, Сергей РЫЖИКОВ және NASA астронавы Роберт Шейн КИМБРОУ Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жерге қонды. Экипаж мүшелерін «Сарыарқа» әуежайында Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ қарсы алды.

Ғарышты бағындырған Сіздерге – Қазақстанға қош келдіңіздер дейміз. Біз – қарағандылықтар осы уақытқа дейін ғарышкерлердің ғарышқа аттануын көріп, күтіп алып жүрсек те, Сіздердің әрбір жерге қону сәттеріңізді көргенде толқимыз. Ғарыштағы ғылыми жұмыстарыңызды көрдік. Бағдарламаларыңызды сәтті аяқтап, ортамызға оралғандарыңызға қуаныштымыз, – деді аймақ басшысы.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ғарышкерлер сапар барысында алған әсерлерімен бөлісті. Ұшу және қону кезіндегі ғарыш кемесінің капитаны, ХҒС-да бортинженер қызметін атқарған 42 жастағы Сергей Рыжиков: «Стансада жүріп, жер мен айдың көрінісін бірнеше рет суретке түсірдім. Қазақ даласының әсемдігін тамашаладым», – деді.

Ал, америкалық астронавт Роберт Шейн Кимброудың бұл – екінші рет ғарыштық экспедицияға қатысуы.Ол ХҒС-да командир қызметін атқарып, бұл сапарында да өткен жолғы ашық ғарышқа шығу тәжірибесін қайталады.

Экипаждағы үшінші адам 52 жастағы ресейлік ғарышкер Андрей Борисенко Орбитаға екінші рет барып келді. Бұрын ғарыш кемелерін өндіретін “Энергия” зымыран-ғарыш корпорациясында және Ұшуларды басқару орталығында жұмыс істеген. Оның ғарышқа алғашқы сапары 2011 жылы сәуір айында басталған.

Айта кеткен жөн, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген МКС-49/50 экспедициясының экипажы орбитада 173 тәулік болып, халықаралық ғарыш станциясының жедел жұмыс жасауына ықпал етті. Қазан айында ғарышқа ресейлік ғарышкерлер алып ұшқан проваславтық діни жәдігерді жеткізді. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясына жүк зымырандарымен жеткізілген құрылғыларды орнатты.

Қазір ғарыш станциясындағы кезекшілікті америкалық астронавт – ХҒС командирі Пегги Уитсон, бортинженерлер – ресейлік ғарышкер Олег Новицкий мен еуропалық астронавт Тома Песке атқаруда.

Аяулым СОВЕТ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.