Жаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы бірден 0,93 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444, 16 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 28 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441 теңгеден болса, сатып алу – 445

Алматыда Ресей рублі 5,6-5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,57-5,67 теңгеден сатылуда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button