Қор нарығында доллар 4,23 теңгеге қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 4,23 теңгеге қымбаттап, орташа 450, 48 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 99 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,78 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 447,5 теңгеден ұсынылып жатыр, сатып алу бағамы – 451 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату – 448 теңге, сатып алу – 452 теңге.
Ресей рублі 5,55 – 5,67 теңге аралығында саудалануда.